Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда тазалық жұмысы ұдайы бақылауда

Бүгінде Таразда санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің жанынан құрылған 13 мобильдік топ жұмыс істеуде. Ол қаладағы аумақтық округтерге қарасты көшелердің жай-күйін бақылап, тазалық жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілуін анықтау мақсатында құрылған болатын.

Қазіргі таңда аталған мобильдік топ мүшелері өздеріне бекітілген аумақтағы сауда орындары мен көшелердің тазалығын анықтау мақсатында жұмыс жүргізуде. Мәселен, жуырда 7-ші округке қарасты аумақты аралаған болатын. Топ мүшелері Байзақ Батыр, Абай, Аққозиев, Қашқари көшелерінде орналасқан кафелерде, дүкендерде, шаштараздарда, көлікке қызмет көрсету орындарында санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік нысандарының терезелерін жуу, шарбақтарды сырлау, ескірген, өңіп кеткен жарнамаларды ауыстыру және жалпы ғимараттардың сыртын ақтап немесе басқалай жаңғырту қажеттігі ескертілді. Байзақ Батыр көшесінде орналасқан Темір жолшылар кітапханасының сырты тозып, ғимарат келбетінің қараусыз қалғаны анықталып, кітапхана өкілдеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізу керектігіне нұсқама берілді.
Сондай-ақ, көше бойларында шашылған ағаштар, қоқыстар жиналып, өсіп кеткен жабайы арамшөптер орылды және ағаштар ақталды.
7-ші округке қарасты Мамыр саябағы, Темір жолы вокзалының маңайы қоқыстан тазартылып, Байзақ Батыр көшесіндегі түйте көпір сырланды. Кейбір орындарда орын алған бей-берекет сауда нүктелеріне ескерту берілді.

Аталған шаралар күн сайын жүргізіліп, алдағы уақытта қала әкімдігінің назарында болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close