Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысының бас имамы аудандарды аралады

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев іссапармен Шу қаласы, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандарына барып, ондағы діни ахуалмен танысты. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі muftyat.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бейбіт қажы аудандардағы мешіт пен ондағы қызметкерлердің жағдайын біліп, жамағаты жайлы толық мағлұмат алу үшін, сондай-ақ, қордаланған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, жалпы тыныс-тіршілігін бақылап қайту мақсатында ауыл мешіттерін де арнайы зиярат етті.

Бейбіт Әліпбекұлы сапар барысын аудан әкімдерімен танысудан бастады. Аудандық орталық мешіттерде болып, толық аралап, іс-құжаттарға көз жүгіртті. Ауданға қарасты ауыл имам-молдаларымен жүздесіп, отбасылық жағдайы, мешіт, тазалық, жұмыс өтілі жайлы сұрап, ашық сұхбат жасап, мешіт мәселелеріне байланысты алдағы уақытта бірге жұмыс жасайтынын жеткізді.

Бас имам ат басын тіреген 5 өлкеге де жат ағыммен күрес жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Кішкене түсініспеушілік болсын, республикалық деңгейге шығармай дер кезінде түйткілдің түйінін тарқату үшін қырағы болу керектігін айтты.

Жаңадан салынып жатқан мешіттердің құрылысына барып, осындай Алла үйін тұрғызу жоспарланған аудандарға бірқатар ұсыныстар жасады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close