Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда тазалық қатаң қадағалануда

Тараз қаласында тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы қатаң қадағалануда. Бұған бұл бағытта соңғы уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар мен арнайы бекітілген мобильді топтың атқарған шаруасы дәлел.

Мәселен, жуырда қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев бастаған №2 мобильдік топ мүшелері Қойбақов, Сәтпаев көшелеріндегі «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жүргізіліп жатқан аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысқан болатын. Мұндағы «Келмахан», «Керуен сервис» ЖШС жұмыстарды қарқынды жүргізіп отырса, мердігер «Қаратау жолдары» ө з міндетіне әлі кіріспеген. Мобильдік топ мүшелері 15-шағын ауданда жылу құбырын жүргізіп отырған «Құдірет» ЖШС-нің және көпқабатты тұрғын үй құрылысын салып жатқан «Сырым блеке» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Мердігерлерге құрылыс барысында жұмыссыздар есебінде тұрғандарды жұмысқа тарту, отандық құрылыс материалдарын пайдалану, т.б. кеңес берілді.

Жалпы, қала әкімдігінің жанынан құрылған мобильді топ мүшелерінің жұмысы бұнымен шектелмейді. Ол туралы алдағы уақытта да жазатын боламыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close