Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тағы 5 адамнан коронавирус анықталды

Жамбыл облысында 29 мамырда тағы 5 адам коронавирус инфекциясымен тіркелді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, ЖРВИ белгілерімен провизорлық стационарға жатқызылған облыс орталығының 1983, 2008 және 2011 жылы туған тұрғындарына КВИ диагнозы қойылды. Олар байланыста болған тұлғалар арасынан анықталды. Бұған дейін осы отбасының мүшелерінің бірі дерт жұқтырған.

Сондай-ақ, Тараз қаласының 1983 жылы туған тұрғынының талдауы оң нәтиже көрсетті. Ол да байланыста болған тұлға ретінде бақылауға алынған болатын.

Бұдан бөлек, зертханалық тексеру қорытындысымен аталған диагноз облыс орталығының 1979 жылы туған тұрғынынан расталды. Ол респираторлық белгілерімен жеке медициналық мекемеге жүгінген.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда дезинфекциялық өндеу шаралары жүргізілді.

Жалпы, ағымдағы жылдың 29 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 370 жағдайы тіркелген. Олардың 187-сі сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close