Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысындағы барлық блок-бекеттер жабылды

31 мамырда Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов Жуалы ауданындағы блок-бекетті жабуға қатысты. 1 маусымнан бастап Жамбыл облысында облыс және аудандық елді мекендер арасындағы блок-бекеттер алынды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы блок-бекеттегі қызметкерлер алдында сөз сөйлеп, ҚР ІІМ министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан өз үйінен, отбасынан, дала жағдайында тәулік бойы жан аянбай қызметте тұрған полиция және медицина қызметкерлеріне, әскери қызметшілер мен еріктілерге азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, салтанатты түрде барлық қызметкерлерге Алғыс хат табыс етті. Өз кезегінде Жуалы аудандық орталық ауруханасының аға медбикесі Алма Жұмамұрат пен волонтер Шолпан Жалғасбай блок-бекет жұмысының аяқталуына байланысты Полиция департаментінің бастығына блок-бекетте қызмет еткен қиын уақытта көрсеткен жан-жақты қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

Статистикаға сәйкес, 31 наурыздан 30 мамырға дейінгі аралықта Жамбыл облысының блок-бекеттері арқылы 800 мыңнан астам адам және 700 мың көлік өткен. Карантин кезінде облыстық және аудандық блок-бекеттерде 216 полицей, 115 медициналық қызметкер, 112 әскери қызметші және 37 әкімшілік қызметкері қызмет атқарды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close