Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғамӘлеумет
Тараздықтарға құлаққағыс!

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің 15 000 мың теңге көлемінде шығындарын өтеу туралы ҚР Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №286 Жарлығының 1-тармағының 4 – тармақшасына және ҚР Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №299 Жарлығының 12-тармағының 43/ тармақшасына сәйкес:
1) 1,2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар;
4) көп балалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер;
6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметтерін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар коммуналдық қызметті жеткізу орталықтарында есепшот болған кезде жоғарыда аталған санатқа жататын адамдар және онымен бірге тұратын отбасы мүшелері qamqor-taraz.kz сайты арқылы немесе жұмыс күндері 8(7262) 94-11-63 телефон номері арқылы Cаll- орталығына өтініш білдірулеріңізге болатынын хабарлаймыз.
Тараз қаласының әкімдігі.