Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында 3 адам тіркелді

Жамбыл облысында 31 мамырда тағы үш адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Біреуі 21 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екен. Жүкті келіншектен жоспарлы тексерулер кезінде анықталған. Сондай-ақ, облыс орталығының 1963 жылы туған тұрғынына да осы диагноз қойылды. Жүрек-тамыр жүйесінің ауруына байланысты әйел жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған.

Қордай ауданында 1985 жылы туған, жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейтін Өзбекстан азаматынан да коронавирус табылды. «Қарасу» бекетінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Жалпы, 30 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында 380 коронавирустық инфекция тіркелді. Олардың 196-сы сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close