Басты бет
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына жаңа директор тағайындалды

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына жаңа директор тағайындалды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.
Жаңа басшы – филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан. Ол бұған дейін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары қызметін атқарған.
Тіл білімі институтының бұрынғы директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден ҚАЖЫБЕК зейнет жасына байланысты қызметінен босатылды.