Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 13 жағдайы тіркелді

1 маусымда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 13 жағдайы тіркелді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Шу ауданындағы бір кәсіпорынның алты жұмыскерінен анықталды. Бұған дейін ондағы бір қызметкер ауырған болатын. Науқастар – 25 пен 60 жас аралығындағы Қарағанды және Алматы облыстарының тұрғындары.

Сондай-ақ, Тараз қаласында ЖРВИ белгілерімен медициналық мекемелерге жүгінген екі жүкті әйел мен екі тұрғынның да талдаулары оң нәтиже көрсетті.

Бұдан бөлек, Жамбыл, Т.Рысқұлов және Байзақ аудандарының 1987, 1985 және 1999 жылы туған тұрғындарынан да аталған дерт расталған.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды. Ошақтарда дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.

Жалпы ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында 393 коронавирустық инфекция тіркелген. Барлық дерт жұқтырғандардың 196-сы сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close