Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сарысулық келіншек 100 балаға балмұздақ таратты

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні ел көлемінде бүлдіршіндердің көңіл күйін көтеру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында жергілікті жерлердегі мерекелік шаралар да бар.

Бұл тұрғыдан алғанда Сарысу ауданын да ерекше атап өтуге болады. Бұған дейін аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі 40 балаға арнайы дайындалған сыйлық үлестіргені туралы жазған едік. Енді сарысулық жеке кәсіпкер Райхан Бейсалиева ауыл балаларына 100 балмұздақты тегін таратқаны туралы ақпаратқа көзіміз түсті. Жалпы, мерекеге орай, балаларды қуанту мақсатында балмұздақ таратқан келіншектің бұл ісі бүлдіршіндерді бір қуантып тастағаны анық. Бір қарағанда, бұл көп адамның қолынан келетін-ақ іс. Дей тұрғанмен, «жақсылықтың үлкен-кішісі жоқ» деп қанша айтқанымызбен, бұндай қадамға көптің бәрі бара бермейтіні жасырын емес. Сол себепті де, сарысулық кәсіпкердің балаларға деген қамқорлығы көпке үлгі болды деген ойдамыз. Ендеше, жақсылық жасаудан жасырайық.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close