Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сарысу ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлық берілді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Сарысу ауданында да барлық сән-салтанатымен аталып өтті. Мәселен, мерекеге орай, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі 40 балаға арнайы дайындалған сыйлықтар үлестірді.

Балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында сайқымазақтың киімін киген орталықтың С.Сайлауова, Ж.Биказиева есімді әлеуметтік қызметкерлері бүлдіршіндерге түрлі-түсті шарлар, арнайы шығарылған фотосуреттер сыйлады. Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қызметкерлері балалармен бірге тақпақ айтып, естелік суретке түсті және жеке кәсіпкер Г.Мутляпованың демеушілігімен балаларға балмұздақ таратты. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі балалар бір сәтке болса да қуанышқа кенелді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close