Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сарысу ауданында 756 оқушы тегін лагерьге барады

Биыл Сарысу ауданында 756 оқушы тегін лагерьге барады. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, Сарысу ауданында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі – басты назарда. Оған жоғарыда айтып өткен жазғы лагерьлердің ұйымдастырылуы мен түрлі спорттық нысандар мен ойын алаңшаларының қолжетімділігі дәлел бола алады. Мәселен, биыл Сарысу ауданы бойынша мектеп оқушыларын қала сыртындағы демалыс орындарына алып бару жоспарланған. Бұл жолы 756 оқушы қамтылады дейді мамандар. Ал жазғы сауықтыру лагеріне аудандағы полиция бөлімінде есепте тұрған 4 оқушы мен мектепішілік есепте тұрған 33 оқушы және жайсыз отбасындағы 12 оқушы бірінші кезекте қамтылады. Сонымен қатар, ата-анасы жоқ 15 бала «Казфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен «Жұлдыз» лагерінде демалады деп жоспарлануда.

Әрине, бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Себебі, жергілікті әкімдік бүгінгідей жағдайда балалардың жазғы демалыстағы бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, тиісті мамандарға сақтық шараларына да жете мән беру керектігін ескертуде. Бұл тұрғыда қолға алынып жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады әрі бақылауда болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close