Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің атауы өзгереді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің атауы өзгереді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тұрғын үй саясатын реформалау бойынша жаңа идеологияны енгізу туралы тапсырмасына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктердегі қолданыстағы кезектілік жүйесін реформалауға және тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне есепке алу функцияларын бере отырып, барлық азаматтардың тұрғын үй алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін «тұрғын үйге мұқтаж» ұғымының нақты өлшемдерін әзірлеуге ниетті», – деді министр.

Сондай-ақ, министр Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ребрендингін жүзеге асыру және оның базасында «бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын» құра отырып, «Отбасы банкін» қайта атау ұсынылатынын жеткізді. «Ұсынылып отырған реформа әрбір жұмыс істейтін азамат баспана ала алатын тең және түсінікті жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деді ол.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close