Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тағы 5 адамнан коронавирус анықталды

2 маусымда Жамбыл облысында тағы 5 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Барлығы Тараз қаласының тұрғындары. Атап айтқанда, облыс орталығының 1951 және 1971 жылы туған тұрғындары жоспарлы емдеуге жатқызу алдында, 1964 және 1956 жылдары туған тағы екі тұрғыны ЖРВИ белгілері бойынша тексеруден өткенде, ал бесінші науқас бұрын ауырған адаммен байланыста болғандардың арасынан анықталған.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Жалпы, 2 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 398 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 204 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close