Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Мойынқұм ауданында бұзылған қалааралық автобустың жолаушылары құтқарылды

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бұзылып, жолда қалған автобустың жолаушылары құтқарылды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1 маусымда сағат 15.50-де «112» нөміріне Мойынқұм ауданы «Алматы-Екатеринбург» трассасының 418 шақырымында «Шымкент-Нұр-сұлтан» бағыты бойынша келе жатқан «Setra»маркалы жолаушылар автобусы бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Автобус салонында 52 жолаушы болған, оның ішінде 2 бала –  барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары. Оқиға орнына «Шығанақ» Күрең жолдық-медициналық  құтқару пунктінің Шұғыл әрекет ету бригадасы, Мойынқұм ауданының ТЖБ қызметкерлері, Жергілікті полиция қызметі және ЖАО жіберілді. Мойынқұм ауданының ТЖБ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауыз су тасымалдауды ұйымдастырды.

ЖПҚ қызметкерлері Нұр-сұлтан қаласына 27 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы жолай көлігімен жіберді. «Шығанақ» КМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы автобус жолаушыларына медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

​         19 сағат 50 минутта  қосалқы шиналарды жеткізгеннен кейін, автобус қалған 25 жолаушысымен бағытталған пунктіне  кетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close