Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі – жабдықталмаған жерде шомылу

Суға шомылу маусымы қызуда. Жамбыл облысының аумағында 3 өзен, 100 – ден астам су өткізу арнасы бар, 3 көл, 5 ірі су қоймасы және 102 ұсақ су қоймасы бар. Аталған су айдындарында шомылуға арналған 197 тыйым салу белгілері орнатылған.

Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептерінің бірі жабдықталмаған жерлерде шомылу болып табылады. Биыл облыста үш жасөспірім су құрбаны болды.

Облыс су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында Жамбыл облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің, ювеналды полиция өкілдерімен бірлесіп, күн сайын облыстың су айдындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Рейдтің нәтижесі көрстекендей тыйым салатын белгіге қарамастан, жасөспірімдер тобы бұл жабдықталмаған орындарда шомылуда.

Жаз мезгілінен бастап су айдындарында Талас, Аса және Шу өзендерінде азаматтардың рұқсат етілмеген суға шомылу орындарына 95 рейд жүргізілді.

Жергілікті полиция қызметімен, ювеналды полициямен жүргізілген рейдте 13 тәртіп бұзушылық анықталды, онда тәртіп бұзушыларға ҚР ӘҚБтК 440 бабы бойынша 111 мың 120 теңгеге айыппұл салынды.

Жаз мезгілінде ең көп таралған құқық бұзушылықтар жабдықталмаған жерлерде шомылу, спирттік ішімдіктерді ішу, от жағу, жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарын пайдалану болып табылады.

Рейд барысында демалушылармен су нысандарындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндіру әңгімелері жүргізіледі және азаматтарға судағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертулер, сондай-ақ су қоймаларының жанында балаларды қараусыз қалдырмауға кеңестер берілді.

Азаматтық қорғау органдары мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364-бабы «ортақ су пайдалану ережелерін бұзу», 440-бабы «алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу» және 412-бабы «су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау» талаптары туралы жеткізілді, сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелерінің негізгі ережелері түсіндіріліп жадынамалар таратылды.

Осыған ұқсас іс-шараны суға түсу кезеңі аяқталғанға дейін өткізу жоспарлануда. Алдын алу акциялары үнемі, шомылу маусымы бойы өткізіледі.

Жамбыл облысы ТЖД Зілзалалар қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close