Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам
Қазақстанда 3 адам коронавирустан қайтыс болды

Елімізде коронавирус індетінен үш адам қайтыс болды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қаласы – 1956 жылы туған ер адам,
Павлодар облысы – 1935 жылы дүниеге келген әйел адам,
Нұр-Сұлтан қаласы – 1959 жылы туған ер адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 44 адам қайтыс болды.