Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тағы 7 адамнан коронавирус анықталды

Жамбыл облысында 3 маусымда тағы жеті адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың төртеуі Тараз қаласының, ал үшеуі Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары. 1977, 1996, 1962, 1995 жылдары туған тараздықтардың үшеуі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, біреуі байланыста болған адамдар арасынан белгілі болды. Т.Рысқұлов ауданының 1957, 1980, 1992 жылдары туған тұрғындары да бұған дейін ауырған адаммен жақын байланыста болған.

Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жеткізіліп, олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 2 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 405 жағдайы тіркелді. Індет жұқтырғандардың 209-ы сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close