Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Сарысу ауданында Рәміздер күні аталып өтуде

Сарысу ауданында Рәміздер күні аталып өтуде, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Таңғы сағат 9.00-де аудан әкімі Қанатбек Мәдібек бастаған мемлекеттік қызметкерлер Әнұранды жанды дауыста шырқады. Осы уақытта ауданның барлық аумағында бір мезетте Әнұран шырқалып жатты.
Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған іс-шара соңы салтанатты шаралармен жалғасын тапты.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

Осыған орай, Сарысу ауданында Рәміздер күні аталып өтуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close