Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Таразда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Бүгін Таразда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні аталып өтті. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін «Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім!» атты патриоттық акция аясында авто-мото-велошеру ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты акциясы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілінді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close