Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет
Таразда 3 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Жуырда Таразда 3 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Өкінішке орай, бұл биыл тіркелген төртінші оқиға.
3 маусымда сағат 20:20-да Сәтпаев көшесінде орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің терезесінен абайсызда ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 жылы туған бала құлап, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері барды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Жалпы, бүгінде облыстың азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Алайда бұған қарамастан, осындай жағдайлар жиілеп барады.
Өкінішке орай, бұл көп жағдайда ата-аналардың жауапсыздығынан болып жатады. Сондықтан облыстың ТЖ департаменті, өз кезегінде, ересектерге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және оларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.