Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 90 адам баспаналы болды

  Бүгін Таразда 90 адам баспаналы болды. «Арай-2» шағынауданынан салынған бес қабатты екі тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бой көтерген. Ал тұрғындарға пәтер кілтін тапсыру салтанатына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысып, баспаналы болған азаматтарды қоныс тойымен құттықтады.

Осылайша, Мемлекеттік рәміздер күніне орай, көне шаһарда ұзақ жыл пәтер кезегінде тұрған 90 адамға баспана кілті табысталды.

  «Біздің елде қолжетімді баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінуде. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам тараздық тұрғындар қоныс тойын тойласа, биыл облыс орталығында 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген жаңа «5-10-20» бағдарламасы да мыңдаған отбасыларға баспана алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік рәміздер күнімен қатар келген қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта берсін», деді Бердібек Сапарбаев.

  «Арай-2» шағынауданында орналасқан пәтерлер жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, толық емес және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, сонымен қатар, әлеуметтік жағынан халықтың осал тобын құрайтын басқа да санаттарына жататын азаматтарға берілді. Баспаналы болған азаматтар мемлекеттің көрсетіп отырған қолдауына алғыс білдіріп, пәтер бөлмелерін аралап көрді. «Бізге қамқорлық көрсеткені және қолдау білдіргені үшін мемлекетке көп рақмет. Бүгін біз үшін қуанышты күн. Отбасымызбен ұзақ уақыт бойы пәтер жалдап тұрдық. Баспана мәселесін өз бетімізше шешуге мүмкіндігіміз болмады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгін біз екі бөлмелі пәтерге ие болдық», деді Ауған соғысының ардагері Берік Торғайбеков.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close