Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда тазалық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін Тараз қаласында жаппай сенбілік өтуде, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап. Көне шаһардағы тазалық жұмыстарына облыстық басқармалардың, қалалық бөлімдер мен мекемелердің жұмысшылары жұмылдырылған.

Сенбілікке қатысушылар қаланың орталық және магистральді көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, Сүлейменов, Балуан Шолақ, Пушкин көшелерінің бойында облыстық басқармалар мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік бағдарламалар, ауылшаруашылық, қаржы, сәулет және құрылыс бөлімдерінің қызметкерлері көше бойындағы талдарды балақтап, арық жүйелерін тазартып, шөптерді орып, қала көркін кіргізуге атсалысуда.

Сондай-ақ, бүгінгі қаланың орталық және магистральді көшелеріндегі санитарлық тазалық жөніндегі сенбілікке «КазТрансГаз Аймақ» кәсіпорны да белсенді атсалысуда. «КазТрансГаз Аймақ»-тың қызметкерлері 15-ші ықшамауданды абаттандыру жұмыстарына кіріскен. Ықшамаудандағы көшелерге фрезерленген асфальт бетон төселіп, оның аумағы тазартылуда.

Бұдан бөлек, бұл күні қаланың саябақтары мен көшелерінде дезинфекциялау жұмыстары да жүргізілуде. «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің техникаларымен арнайы сұйықтықпен көше бойындағы талдар залалсыздандырылуда.

Жалпы, бүгінгі қала көлемінде өткізілген сенбілікке 5600 адам қатысып, көше бойындағы 48 шақырым арық жүйесі тазаланып, 81 техниканың көмегімен 203 тонна күл-қоқыс шығарылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close