Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында 11 адам тіркелді

8 маусымда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 11 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Ақпарақ агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың сегізі 1966, 1982, 1974, 1982, 1937, 1970, 1972, 1982 жылы туған Тараз қаласының тұрғындары. Барлық жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды. Бір жағдай бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған 1982 жылы туған тараздықтан, тағы бірі Атырау облысынан келген 1974 жылы туған тұрғыннан тіркелді.

Сондай-ақ, Байзақ ауданының 1981 жылы туған тұрғыны да дертке шалдықты.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық өндеу шаралары жүргізілді.

Жалпы, ағымдағы жылдың 8 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқпасының 441 жағдайы тіркелді.

Барлық індет жұқтырған адамдардың 234-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close