Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында 16 адамнан коронавирус анықталды

9 маусымда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 16 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараз қаласының 5-74 жас аралығындағы тұрғындар арасында 10 жаңа жағдай расталды. Барлық жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған. Сондай-ақ, облыс орталығының 1962, 1992, 1927 және 1965 жылы туған төрт тұрғынынан да коронавирус инфекциясы табылды. Олар бұған дейін ауырғандармен байланыста болғандар.

Бұдан бөлек, Жамбыл ауданының 1990, 1968 жылдары туған екі тұрғыны да дертке шалдыққаны белгілі болды.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.

Жалпы, ағымдағы жылдың 9 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирус инфекцияның 457 жағдайы тіркелген. Барлық ауырғандардың 271-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close