Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Сарысу ауданында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

10 маусым күні Жамбыл облысында тағы 5 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде бір адам Сарысу ауданында тіркелді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтар болсақ, Сарысу ауданында коронавирус ауруының алғашқы жағдайы 1985 жылы туған тұрғынынан анықталды. Сондай-ақ, Қордай ауданының 1971 жылы туған тұрғыны мен 1966, 1980, 1997 жылы туған тараздықтардан да КВИ расталды.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 462 жағдайы тіркелді.
Ауырғандардың ішінен 271 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close