Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында 5 адамнан коронавирус анықталды

11 маусымда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Тараз қаласының 1962, 1983, 1970 жылы туған тұрғындарынан індет табылған десек, олардың екеуі байланыста болған тұлғалар арасынан анықталған. Сондай-ақ, Жуалы ауданына келген Нұр-Сұлтан қаласының 1975 жылы туған тұрғынынан инфекция расталды.

Бұдан бөлек, тағы бір жағдай Байзақ ауданының 1965 жылы туған тұрғынынан тіркелді.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 11 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 467 жағдайы тіркелген. Олардың ішінде 289 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close