Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жуалыда «Жомарт жүрек» акциясы бастау алды

Жуалы ауданында «Жомарт жүрек» акциясы бастау алды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Жалпы, жақсылықтың үлкен немесе кішісі болмайды дегендей, кез келген істе бастысы ниет екенін жуалылық жастар әлдеқашан дәлелдеген. Себебі, жергілікті Жастар орталығы үнемі жақсы істің бастамашысы болып жүреді. Ал оның бір дәлелі – «Жомарт жүрек» акциясы.

Акция 15 маусымда «Волонтерлар жылы» аясында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жанынан құрылған «Қамқор» волонтерлық клубы мүшелерінің атсалысуымен өтті. Бұл туралы аудандық Жастар орталығы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Акция аясында Б.Момышұлы ауылында орналасқан педагогикалық-психологиялық түзету кабинетіне көмек көрсетілді. Қыс-көктем мезгілінде лайланып кететін балалар жүретін жолға волонтерлар битон құйып, тратуар жасап берді. Аталған шараға керекті заттармен (Құм, цемент) қолдау көрсетіп, жомарттық танытқан жас кәсіпкер Еламан Пернешовке алғыс білдіреміз. Акция ауданға қарасты ауылдық округтерде жалғасын табатын болады», – делінген жазбада.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close