Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жуалыда шомылуға тыйым салынған орындарға рейд жүргізілді

Жуалы ауданында шомылуға тыйым салынған орындарға рейд жүргізілді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі Жуалы аудандық ТЖБ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Дәлірек айтсақ, 13-14 маусым аралығында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан әкімдігімен және жастар орталығының волонтерларымен бірлесіп, аудан аумағындағы шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізген болатын. Аталмыш шара барысында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жаднамалар таратылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close