Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сарысу ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Сарысу ауданы Саудакент ауылында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қабылдауға Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек, ішкі саясат, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту, құрылыс, мәдениет және тілдерді дамыту, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары, аудан прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, Халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық бөлімшесі басшысы, т.б. қатысты.

Іс-шара барысында Саудакент ауылының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Жалпы, көшпелі қоғамдық қабылдау билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелерді шешу мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Саудакент ауылында өткен көшпелі қабылдау кезінде түске дейін 17 азамат қабылданып, оның ішінде 2 адам қанағаттандырылса, 14-іне түсіндіріліп, 1 адамның мәселесі бақылауға алынды.


Жиында қойылған сұрақтардың барлығы хаттамаға жазылды. Бұндай қоғамдық қабылдаулар жалғасын тауып, басқа да ауылдық округтерде өткізілетін болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close