Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда түнгі рейд кезінде кафеде жүрген кәмелетке толмаған балаларға шара қолданылды

Жуырда Таразда түнгі рейд ұйымдастырылып, кафеде жүрген кәмелетке толмаған балаларға, дәлірек айтсақ олардың ата-аналарына шара қолданылды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізудің іс-шаралар жоспарына орындау барысында 11 мен 13 маусым аралығында Жергілікті полиция қызметінің бастамасымен қала аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-алдын алу шарасы ұйымдастырылған болатын.

11 маусымда түнгі рейдтік іс-шараға Тараз қаласы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы, білім бөлімінің маманы және Жергілікті Полиция қызметкерлері қатысты.

Түнгі рейд кезінде көңіл көтеру мекемелері тексеріліп, қасында заңды өкілдері жоқ кәмелетке толмаған балалар анықталып, ата-аналарына және сол мекеменің иесіне әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 48 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 132 бабы 1 бөлігі бойынша (түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың көңіл-көтеру орындарында болуына жол беру) – 2 хаттама («Барбарис», «Шафран» кафесі).

ҚР ӘҚБтК 442 б. 1 бөлігі бойынша (түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың көңіл көтеру орындарында заңды өкілдерін ертпестен болуы) – 5 хаттама.

ҚР ӘҚБтК 442 бабы 2 бөлігі (кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілдерін ертпестен тұрғын үйден тыс жерде болуы) – 27 хаттама.

ҚР ӘҚБтК 492 бабы 1 бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасында тіркеусіз не болмаса жеке басын куәландыратын құжатсыз болу) – 7 хаттама;

ҚР ӘҚБтК 204 бабы 1 бөлігі бойынша (рұқсат етілмеген жерлерде сауда-саттық жасау) – 7 хаттама толтырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close