Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда көшпелі қоғамдық қабылдау өтуде

Таразда бүгін, яғни 15 маусым сағат 10.00-ден бастап қоғамдық қабылдау өткізілуде. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шалғай Қарасу» тұрғын алқабы Целиноград көшесіндегі «Дәмді себет» сауда орталығының алдында ұйымдастырылған іс-шара барысында қала әкімі, қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, қалалық прокуратура, қалалық полиция басқармасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қойылған барлық сұрақтарға сол жерде жауап беруде.

Жалпы, көшпелі қоғамдық қабылдау билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелерді шешу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Ал бұндай қоғамдық қабылдауларды болашақта да өткізіп тұру жоспарда бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close