Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Таразда қоғамдық көліктер жүре бастады

Таразда қоғамдық көліктер жүре бастады. Бұл туралы, яғни ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап қоғамдық көліктер шектеулі режимде өз жұмысын бастайтыны жайлы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Автобус маршруттарының жұмыс кестесі таңертең сағат 07.00 – 10.00-ге дейін және кешке 17.00 – 20.00 дейін бекітілген. Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың айтуынша, Тараз қаласында қоғамдық көлікте маска мен қолғапты міндетті түрде кию қажет. Ал оның орындалуын мониторинг тобы бақылайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close