Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында 8 адам тіркелді

14 маусымында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 8 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, Тараз қаласының 1988 жылы туған екі тұрғынынан инфекция табылды. Екі жағдай да эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды.

Облыс орталығынан тағы да төрт жағдай тіркелді, олар бұған дейін коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 1984, 1964, 2000 және 1997 жылы туған адамдар.

Сонымен қатар, зертханалық талдау нәтижесінде індет Жамбыл ауданының 1994 жылғы тұрғынынан табылды.

Бұдан бөлек, тағы бір жағдай Т. Рысқұлов ауданының 1972 жылы туған тұрғынынан тіркелді.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық өндеу шаралары жүргізілді.

Жалпы, ағымдағы жылдың 14 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқпасының 491 жағдайы тіркелді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close