Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 500-ге жетті

15 маусымда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 9 жағдайы тіркелді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 1968, 1946 жылы туған тұрғындарынан эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша екі жағдай анықталды. Сондай-ақ, бұған дейін ауырғандармен байланыста болған облыс орталығының 1989, 1967, 1978 жылы туған тұрғындары да дертке шалдыққан. Т.Рысқұлов ауданының 1962 жылы туған тұрғынан да инфекция табылған.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан келген 1982, 1964 жылы туған тұрғындарынан ауру расталған.

Сондай-ақ, Байзақ ауданында 1991 жылы туған жүкті әйел стационарға жатқызылды.

Басқа да науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді.

Олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 15 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирусты инфекцияның 500 жағдайы тіркелген.
Барлық ауырған адамдардың 317-сі сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close