Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Шу ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жамбыл облысы Шу ауданына жаңа әкім тағайындалды, – деп хабарлайды Ақпарақ ақпарат агенттігі. Бұл қызметті енді Нұржан Сәбитұлы Календеров атқаратын болады.

Нұржан Сәбитұлы Календеров 1976 жылы туған, білімі жоғары, 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «халықаралық экономикалық қатынастар»» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған.

«Шың» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері,  «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Тараз қалалық бөлімшесінің аға маманы, Жамбыл облыстық филиалының бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы департаментінің бөлім бастығы, директор орынбасары, директоры, Жамбыл және Қордай аудандарының әкімі, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.  
2017 жылғы наурыздан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болса, 2019 жылдың сәуір айынан бері Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close