Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Қазақстанның халық саны 18 711,2 мың адамға жетті

Қазақстанның халық саны 18 711,2 мың адамға жетті. Бұл мәліметті ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 18 711,2 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 11 004,5 мың (58,8%), ауылдықтар –7706,7 мың адам», – делінген таратылған ақпаратта. Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 242,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (63,7 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (55,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) тіркелген.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close