Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараз қаласының әкімі қоғамдық қабылдау өткізуде

Таразда көшпелі қоғамдық қабылдау өтуде. «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабынан басталып, «Қант зауыты» аймағында жалғасқан қоғамдық қабылдау бұл жолы «Ауыл береке» базарында ұйымдастырылды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ауыл береке» базарында өткен көшпелі қоғамдық қабылдауға қала әкімінен бөлек прокуратура, полиция және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері қатысуда.

Қала әкімі Айтқазы Қарабалаевтың қабылдауына осы уақытқа дейін 11азамат жазылған. Азаматтардың түйткілді мәселесін тыңдаған қала әкімі Мелиоратор көшесі жол, ауыз су саласы бойынша зерделеу жүргізу үшін тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырма берді. Сонымен қатар базардағы кәсіпкерлер базардың жұмыс уақытын және қоғамдық көлік қозғалысының уақытын созу туралы өтініштерін жеткізді. Барлық сұрақтарға нақты жауап беріліп, мәселелердің шешу жолдары қарастырылуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close