Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Көшпелі қоғамдық қабылдау ел игілігін көздейді

Таразда көшпелі қоғамдық қабылдау жалғасуда. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

18 маусым күні сағат 10.00-ден бастап Жамбыл даңғылындағы Коммуналдық базардың алдында қала әкімі, қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, қалалық прокуратура, қалалық полиция басқармасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері тарапынан көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілуде.

Ел игілігін көздеген бұл шара бұған дейін де облыс орталығының бірнеше жерінде өткізілгенін атап өткен жөн. Көшпелі қоғамдық қабылдау кезінде тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алып, қордаланған мәселелерді ортаға салуға мүмкіндік алады. Бұл қабылдаудың мақсаты да сол, халықтың үніне құлақ асу. Сондықтан іс-шараның өтуіне жергілікті тұрғындар да ризашылығын білдіруде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close