Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғам

Бүгін Жамбыл облысында 188 түлек ҰБТ тапсырып жатыр

Бүгін Жамбыл облысында Талас, Сарысу аудандарындағы 9 мектептің 188 түлегі ҰБТ тапсырып жатыр. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тестілеу өткізілетін жерлерде санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Бұл, бірінші кезекте, тест тапсырушылардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.

Жалпы, Жамбыл облысында ҰБТ 21-30 маусым аралығында өтеді. Биыл облыс бойынша 7181 түлек тест тапсырады.

Түлектерге сәттілік тілейміз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close