Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Қазақстан Президенті медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

«Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді», деп жазды Президент twitter парақшасында.

Жалпы, Қазақстанда медицина қызметкерлері күнін маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close