Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 600 жағдайы тіркелді

21 маусымда Жамбыл облысында тағы 9 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде Тараз қаласының 23 пен 68 жас аралығындағы 6 тұрғыны бар. Сондай-ақ, Жамбыл, Жуалы, Байзақ аудандарының 1961, 1961, 2004 жылы туған тұрғындарынан ауру расталды.

Барлық науқастар инфекциялық стационарға жеткізілді. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 21 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның барлығы 600 жағдайы тіркелген.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close