Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында 16 адамнан коронавирус анықталды

22 маусымда Жамбыл облысында 16 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде жетеуі 30-62 жас аралығындағы Тараз қаласының тұрғындары болса, төртеуі Жамбыл ауданының 1988, 1971, 1960, 1962 жылдары туған тұрғындары, екеуі Байзақ ауданының 1967, 1951 жылы туған тұрғындары, тағы екеуі Т.Рысқұлов ауданының 1960, 1979 жылдары туған тұрғындары және біреуі Жуалы ауданының 1967 жылы туған тұрғыны.

Барлық науқастар инфекциялық стационарға жеткізілді. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Жалпы, 22 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 616 жағдайы тіркелген. Сондай-ақ, өткен тәулікте жалпы статистикаға кірмейтін 56 симптомсыз тасымалдаушы анықталған. Өңірде барлығы 344 белгісіз тасымалдаушы бар.
Барлық індет жұқтырғандардың 402-сі емделіп, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close