Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпСаясатЭкономикаҚоғамӘлеумет

Қордайда 12 765 адам жұмыспен қамтылды

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қордай ауданы бойынша 35  шағын және орта бизнес субъектілеріне 151,3 миллион теңгеге шағын несие берілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет айтты, – деп хабарлайды Ақпарақ ақпарат агенттігі.

Жалпы, ауданда ШОБ бойынша 12765 адам жұмыспен қамтылған. Өнім мен қызмет көлемі  биыл 7,1 миллион теңгені құрап, 6,3  пайызға артты.

Жыл басынан «Бизнестің жол картасы» аясында субсидиялау тетігі бойынша жалпы  59,3 миллион теңгеге 3 жоба және кепілдендіру тетігімен 135,0 миллион теңгеге 4 жоба мақұлданған.

Бизнес субъектілері бастамаларын іске асыру үшін 30 адамға 15,9 миллион теңгеге қайтарымсыз мемлекеттік грант алынды.

Осы және өзге де мәселелерге кеңінен тоқталған аудан басшысы қаңтар-мамыр айларындағы Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып өтті. Оның ішінде өнеркәсіп, кәсіпкерлік пен инвестициядан бастап, ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет және спорт, медицина салаларын қамтып, бюджеттің орындалуы мен әлеуметтік көрсеткіштерді тілге тиек етті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close