Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы

Таразда 24 маусымда «Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» атты ашық аспан астында семинар өтті. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін» практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту және жаңа әліпбиге бейімдеу мақсатын көздеді.

Семинарға басқармалар мен бөлім, мәдениет үйі, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинарды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент К.Қарымбаева және «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі, филология ғылымдарының магистрі Б.Мырзабаева жүргізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close