Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында 11 адамнан коронавирус анықталды

 24 маусымда Жамбыл облысында 11 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның үшеуі Тараз қаласының тұрғыны: 63 жастағы зейнеткер, 50 жастағы жұмыссыз әйел және «Қайқармет» базарының 39 жастағы сатушысы.

Ал, Жамбыл ауданында 69 жастағы зейнеткерден, 55 жастағы жұмыссыз әйелден және бұған дейін ауырған әйелімен байланыста болған 48 жастағы ер адамдан инфекция анықталды.

Науқас күйеуімен байланыстағы тұлға ретінде есепке алынған Меркі ауданының 50 жастағы тұрғынының да коронавирусқа талдамасы оң нәтиже көрсеткен.

Дерт жоғары температура мен кеуде тұсындағы ауырсынуына қатысты шағымданған 27 жасар сарысулықтан да табылды.

Сондай-ақ, соңғы бір тәулік ішінде, өңірімізге келген Шымкенттің 42 және 37 жастағы тұрғындарынан, 63 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан да ауру расталды.

Барлық науқастар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша сынақтан өткен. Олар инфекциялық стационарға жеткізілді. Байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 24 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 637 жағдайы тіркелген.

Өткен тәулікте жалпы статистикаға кірмейтін 55 симптомсыз тасымалдаушы анықталды. Өңірде барлығы 439 симптомсыз тасымалдаушы бар.

Барлық дертке шалдыққандардың 424-і сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close