Басты бетСаясатЭкономикаҚоғам

Таразда есепті кездесулер барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы

Тараз қаласы әкімінің 2020 жылдың 27 қаңтар – 5 ақпан аралығында қала тұрғындары алдында өткізген есепті кездесулері барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы

            «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 27 қаңтар – 5 ақпан аралығында қала әкімі 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстартуралы тұрғындар алдында есепті кездесулерін өткізді.

            Қаланың 11 аумақтық округтерінде өткізілген есепті кездесулерге барлығы 2840 адам қатысты. Есепті кездесулер барысында Тараз қаласының тұрғындары тарапынан 66 ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

            Көтерілген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында қала әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпандағы №419 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, 14 сұрақ бақылауға алынды.

            Бүгінгі күнге 2 мәселе орындалды. Олар:

            1) Қала бойынша қаңғыбас иттер пен мысықтарды аулауға арнайы жабдықталған автокөлікпен 3 бригада жұмылдырылып,жыл басынан осы уақытқа дейін 6353 бас қаңғыбас иттер  мен мысықтар ұсталып жойылды.

            2) «Барысхан» тұрғын алқабынан №14 орта мектепке қатынап оқитын балаларды тасымалдау үшін жергілікті бюджет есебінен 28,8 млн. теңге қарастырылып, екі автобус сатып алынды.

            Қалған мәселелердің орындалуы бақылауда.

Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Аманғали Мейірхан.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close