Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Таразда қайырымдылық акциясы аясында 9 емханаға дәрі-дәрмектер жеткізілді

Таразда медициналық мекемелерге дәрі жеткізу акциясы аясында қала әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ демеушілігімен қаладағы 9 емханаға дәрі-дәрмек топтамасы табысталды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш акция халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шарасы екенін атап өткеніміз жөн. Кәсіпкерлердің демеушілігімен жалпы саны 560 азамат дәрі-дәрмек пакетімен қамтылатын болады. Пакеттегі дәрілер 7 күнге арналған және оның нарықтағы бағасын есепке алмағанда өзіндік құны 7825 теңгені құрайды. Атап айтсақ, №1 «Жанұя» емханасы (50), №2 (50), «Садыхан» ОКДМО (50), №4 (50), №5 (100), №6 (70), №7 (70), №8 (50), №9 (70) сынды медициналық нысандар игі шарамен қамтылды.
Адамдардың көптеп шоғырланбауын қарастыратын карантин жалғасып жатқандықтан, жоғарыда аталған азаматтарға дәрі-дәрмек топтамасын жеке табысталмай, олар препаратты емханада арнайы тестілік дәрі егуден кейін өз қажетіне алатын болады.
Жеткізілген дәрі-дәрмек қатарында ксарелто, осельтамивир акрихин, зитрокс секілді қымбат препараттар да бар. Олардың кейбірінің бағасы 7 мың теңгеден басталады. Сол сияқты, цефтриаксон, дексаметазон, новокаин секілді дәрі егуге арналған ерітінділер де емханалардың қажетіне берілді. Бір ғана №5 емханаға жеткізген дәрі-дәрмектің жалпы құны 27 миллион теңгені құрады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close