Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл ауданында кәсіпкер ауруханаға 6 аппарат алып берді

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының тумасы, кәсіпкер Қуаныш Шонбай аудандық ауруханаға 6 оттегі шоғырлатқыш құрылғысын табыс етті. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, бүгінгідей қысылтаяң кезеңде ауруханаларда оттегі консентратының тапшылығы байқалатыны жасырын емес. Бұл аппарат 600-800 мың теңге көлемінде тұратынын ескерсек, екінің бірі сатып ала алмайтыны белгілі. Айтпағымыз, бұл дерт ауданымыздан өсіп-өнген кәсіпкерлерді қараша халыққа қарайласуды міндеттегендей. Жақында өңірімізге қуанышты жаңалық жеткен болатын. Ауданымыздың тумасы, белді кәсіпкер Қуаныш Шонбай жамбылдық ауруханаға 6 дана оттегі шоғырлатқыш құрылғысын табыс етті. Науқастардың кәдесіне жараса екен деген ниетпен берілген сыйлықты қуана қабылдаған дәрігерлер орнатуға асыққан. «Жаныңда жүр жақсы адам» демекші, аталмыш аппарат пәленбай науқасты отбасымен есендікте қауыштырса, олар екінші алғысын я дұғасын кімге арнайтынын жақсы біледі. Барша кәсіпкерлер! Сіздердің қайырымды амалдарыңыз отбасының шамын қайта жағуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close