Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда карантин режимінің сақталуы – басты назарда

Тараз қаласы әкімдігінің жедел штабы карантиндік режимнің сақталуын бақылау мақсатында кеше күндізгі рейд жүргізді. Яғни, қалада орналасқан моншалар бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде олардың жұмыс істемей тұрғаны анықталды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

⠀ ⠀Сонымен қатар, әкімдік жанынан құрылған жедел штаб мүшелері Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші мамандары және учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп, карантиндік режимді сақтау мақсатында түнгі зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, карантиндік режимді сақтамағаны үшін Сәтпаев көшесінде орналасқан «Нұралы» базарының иесіне ескерту жасалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close